Қазақстанда білім сапасын көтеруге бағытталған «Мақсатты мектептер» жобасы басталған сәтте үлкен үміт артылғанымен, өңірлердегі мұғалімдер жобаға қатысты бірқатар проблемалар көтеруде. Басты мәселелердің бірі – жоба статусының нақты заңдық негізі жоқтығы. Мұғалімдер сынақтан өте алмай қалған жағдайда, бұл олардың біліктілік санатына қалай әсер ететіні туралы ешқандай анықтама берілмеген.
Мұғалімдердің пікірінше, оқу бағдарламалары жаңалық әкелмей, бұрын оқытылған материалдарды қайта қайталаумен шектеліп отыр. «Онсыз да уақыт тапшы, ал енді ескі дүниелерді қайталап оқып жүрміз» деген шағымдар жиі айтылады. Білім саласындағы PISA халықаралық бағдарламасының зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 81 елдің ішінде 61-орында тұр. Бұл көрсеткіш білім сапасын арттыруға шұғыл шаралар қажет екенін аңғартады.
Сонымен қатар, педагогтар мектептердің инфрақұрылымына да назар аудару керек деп есептейді. Балалардың кеңістікте еркін қозғалып, заманауи лабораториялар мен техникалық құралдармен жабдықталуы – білім беру сапасының басты шарттарының бірі болуы тиіс. Осы мәселелерге қатысты министрліктің ресми жауабы әлі де күтілуде.
Амангелді Сейітхан білім беру саласының сарапшысы
Мәлімет, “ҚАЗАҚСТАН” телеранасының сайтынан алынды
Ақпарат 24KZ сайтынан алынды:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/676030-azhym-an-filmi-basty-r-ldegi-akter-imyldardy-dublersiz-zhasap-shy-ty